
112 қызмет пультіне Павлодар облысы Басентин көлінің жанында жеңіл автокөлік қар құрсауына тұрып қалып көлік жүргізушісі мен жолаушы өздігінен көлікті шығара алмай жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. ТЖД қызметкерлері қажетті құтқару жабдықтарымен толық жабдықталған арнайы техникасымен дереу көмекке шықты. Қалың қар мен жолдың жоқтығына қарамастан, құтқарушылар оқиға орнына тез жетіп, қар құрсауында қалған екі балықшыны эвакуациялады. Құтқарылғандар Екібастұз қаласына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.