
13 қаңтардан 14 қаңтарға қараған түні Павлодар облысы ТЖД Қалқаман кентінің ТМҚК үшін ауыр түн болды. Сағат 22: 37 — де ТЖД Апаттар медицинасы орталығының бригадасы шұғыл шақыруға шықты, 1980 жылы туған ер адам Пограничник станциясының жанындағы көпірде өзін нашар сезінді. Алдын ала болжаммен оны инфаркт алды жағдайында Павлодарға шұғыл жеткізді. Жолда келе жатқанда екінші дабыл қағылды: Атамекен кентінің маңында үш көліктің қатысуымен болған ЖКО орын алды. Зардап шеккендердің бірі салонда қалып қойды. Қалқаман трассалық медициналық-құтқару пунктінің құтқарушылары арнайы жабдықтың көмегімен адамды тез шығарып, дәрігерлерге тапсырды.
Павлодар облысы ТЖД АМО трассалық медициналық-құтқару пункттерінің реанимобильдері күрделі жағдайларда жұмыс істеу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін толық жасақталғанын, ал мамандар арнайы даярлықтан өтетінін атап өткен жөн. Облыста үш трассалық медициналық-құтқару пункті - Шідерті, Қалқаман кенттерінде және Аққулы ауданында жұмыс істейді. Олардың міндеті — әр уақыт санаула болғанда жедел көмек көрсету болып табылады.
Павлодар облысының ТЖД тұрғындарға жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!