
112 операторының пультіне Ертіс өзені мұзының шетінде жүрген адамдар туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жерге тез арада құтқарушылар жетіп, 2000 және 2009 жылы туған Павлодар қаласының екі тұрғыны аэроқайықпен жедел эвакуацияланып, жағаға жеткізілді.
ТЖД Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтарын қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және қатпаған мұзға шықпауды ескертеді, себебі бұл мұздың астына түсіп кетуге және дененің мұздануына, өмір мен денсаулыққа елеулі қатер төнуі мүмкін.