Датчиктің арқасында тұрғындар өрт кезінде құтқарылды

Датчиктің арқасында тұрғындар өрт кезінде құтқарылды

Оқиға 2026 жылдың 12 қаңтарына қараған түні орын алды.

Сағат 01:35-те 112 операторының пультіне Екібастұз ауданы Төрткұдық ауылындағы жеке үйдің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыруға жедел шыққан өрт сөндіру есептері дереу 3 бөлмелі жеке үйдегі шатыры мен қосалқы құрылысты сөндіруге кірісті. Өрт кезінде іске қосылған датчиктің арқасында үйдегі екі адам терезеден уақтылы құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ

Өрт сағат 03:20 сағатта толығымен жойылды, Екібастұз қ. ТЖБ 4-ӨСБ күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Өрттің болжам бойынша себебі - халықтың отқа деген абайсыздығы.

Павлодар облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау туралы ескертеді және көміртегі тотығы датчиктерін орнатуды ұсынады!