
Қаңтардың алғашқы күндері Павлодар облысы ТЖД бөлімшелері үшін жоғары дайындық режимінде өтті. 1-4 қаңтар аралығында "101" және "112" пультіне шұғыл қызметтердің ден қоюын талап ететін 39 хабарлама келіп түсті.Көрсетілген кезеңде 4 өрт жойылды, 23 жанудың таралуына жол берілмеді, 12 авариялық-құтқару шығулары орындалды.
Жеке құрамның үйлесімді жұмысының және жедел ден қоюдың арқасында барлық оқиғалар уақтылы оқшауланды, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге жол берілмеді. Павлодар облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.