Павлодар өңірінің автожолдарының қарлы учаскелерін бақылау

Павлодар өңірінің автожолдарының қарлы учаскелерін бақылау

Павлодар облысының ТЖД ұшу барысында қар үйінділерінің пайда болуына бейім аса қауіпті учаскелерді көзбен шолып тексеру жүргізілді.

Тексеруді ТЖД қызметкерлері ПД өкілімен бірлесіп орындады.

Айта кету керек, өңірдің автожолдарының ұзындығы 5 515 км.өткен қысты талдау негізінде жалпы ұзындығы 440,5 км болатын 253 учаске бақылауға алынды, онда қардың жиі пайда болуы байқалады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сыйымдылығы 20 мыңнан асатын 188 жылыту пункті дайындалды. Тәулік бойы жұмыс істейтін 3 трассалық медициналық-құтқару пункті бар.

Зерттеу қорытындысы бойынша қосымша қар ұстайтын құрылғыларды орнатуды қоса алғанда, неғұрлым күрделі учаскелерде алдын алу шараларын күшейту туралы шешім қабылданды. Сондай – ақ, қыс мезгілінде Астана – Шідерті-Павлодар тас жолында жылдамдықты сағатына 140-тан 110 км-ге дейін шектеу туралы мәселе қаралуда.

Қысқы кезеңнің өтуі үнемі бақылауда.