Бастауда тұрғандарға үлкен алғыс

Бастауда тұрғандарға үлкен алғыс

Павлодар облысы ТЖ департаментінің азаматтық қорғау ардагерлеріне салтанатты түрде Қазақстан Республикасы ТЖМ құрылғанына 30 жыл толуына арналған мерейтойлық медальдар табыс етілді. Ардагерлер ұйымы бір жылдағы жұмысты қорытындылап, ұйым мүшелеріне қосқан үлестері мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Павлодар облысының құрметті азаматы Кенеспаев Кенже Сәдуақасұлы, Білім және спорт ардагері-Мамашев Талғат Фаридұлы, сондай-ақ облыстық ардагерлер Кеңесі Төралқасының мүшесі Қанаева Рысты Мойылжанқызы ардагерлерге жылы лебіздерін және алғыс сөздерін жеткізді.

ТЖД бастығының атынан мерейтойлық медальдарды ТЖД бастығының бірінші орынбасары полковник Әсет Сердалин табыстап, ардагерлердің көп жылдық тәжірибесі, кәсібилігі мен адалдығы азаматтық қорғау жүйесін дамытудың берік негізі және құтқарушылардың жас буыны үшін үлгі болып қала беретінін атап өтті.