"Ауыл құтқарушылары" жобасы: Павлодар облысы Успен ауданында жаңа өртке қарсы пункт ашылды

"Ауыл құтқарушылары" жобасы: Павлодар облысы Успен ауданында жаңа өртке қарсы пункт ашылды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ауылдық жерлерде өртке қарсы қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша шараларды  іске асыруда. Жергілікті атқарушы органдардың белсенді қатысуымен өңірлерде төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Аринов ұсынған "Ауыл құтқарушылары" бастамасы енгізілуде.

          Павлодар облысы Успен ауданы Галицкое ауылында жергілікті атқарушы органдардың және "Галицкое" ЖШС қатысуымен іске асырылған жаңа өртке қарсы пункт ашылды. Пункт өрт пен ТЖ-ға ден қою үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған.

Нысанның ашылуына Павлодар облысы ТЖД бастығы Рустамбек Амрин және Успен ауданының әкімі Нұрболат Мақашев қатысты. Ауылдарда өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту халықтың қауіпсіздік деңгейіне тікелей әсер ететіні және өрттерге ерте кезеңде уақтылы ден қоюға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

          Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті пунктті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, байланыс құралдарымен және өрт-техникалық қару-жарақпен және жауынгерлік киіммен жасақталған "Орал" автокөлігінің базасындағы өрт автоцистернасымен материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етті.  "Галицкое" ЖШС тарапынан өрт сөндіру техникасы үшін жылытылатын бокс және кезекші жеке құрамға арналған үй-жайлар ұсынылды. Компания басшысы Александр Косицын бизнестің өз қызметкерлеріне ғана емес, бүкіл ауылдық округтің қауіпсіздігіне қалай қамқорлық жасайтынының жарқын үлгісін көрсете отырып, жобаны іске асыруға елеулі үлес қосты.

          Өртке қарсы пункт Новопокровка ауылына да қызмет көрсетіп, бір жарым мыңнан астам адамнан тұратын халықты қорғауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Павлодар облысында Галицкое ауылын қоса алғанда 79 өртке қарсы пункт жұмыс істейді.