Ауылдардың өртке қарсы қауіпсіздігін нығайту — басым міндет: Павлодар облысының Орловка ауылында жаңа бекет ашылды

Ауылдардың өртке қарсы қауіпсіздігін нығайту — басым міндет: Павлодар облысының Орловка ауылында жаңа бекет ашылды

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі халықтың, әсіресе ауылдық жерлерде қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі ауылдарды өртке қарсы қорғауды нығайту болып табылады.

          Осы міндетті іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың белсенді қатысуымен Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Ариновтың бастамасымен "Ауыл құтқарушылары" жобасы сәтті енгізілуде. Жоба өртке қарсы қауіпсіздік деңгейін арттыруға және ауылдық елді мекендерде ден қою жүйесін дамытуға бағытталған.

          Жоба аясында Павлодар облысында Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдары "Победа" ЖШС қолдауымен Шарбақты ауданының Орловка ауылында төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған жаңа өртке қарсы пункт ашты.

          Өрт сөндіру бекетінің ашылуына Павлодар облысы әкімдігінің, ТЖД басшылығы және "Победа" ЖШС басшысы қатысты.

Айта кету керек, "Ауыл құтқарушылары" бағдарламасы ерікті құрылымдарды бірыңғай ден қою жүйесіне біріктіруге, жергілікті жерлерде тұрақты қауіпсіздік инфрақұрылымын құруға, сондай-ақ ақпаратты жедел беру және өзара іс-қимыл жасау үшін ауылдық жерлерде радиоқабылдауды арттыруға мүмкіндік береді.

          Жергілікті атқарушы органдар Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп пунктті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, байланыс құралдарымен және өрт-техникалық жабдықтармен және өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдер жиынтығымен жабдықталған мамандандырылған "Газель Валдай" өрт сөндіру автомашинасымен материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз етті. Бұл бастапқы кезеңде өртті тиімді жоюға мүмкіндік береді.

          Сонымен қатар, "Победа" ЖШС ЗИЛ-131 жоғары өтімді өрт сөндіру техникасын, соқасы бар "Беларусь" тракторын ұсынды, сонымен қатар техника үшін жылы бокс және қызметкерлердің демалуына арналған үй-жай дайындалды.

Өртке қарсы пункт Жалпы саны 1400-ге жуық адамды қорғауды қамтамасыз ете отырып, Красиловка ауылына да қызмет көрсететін болады.

          Бүгінгі таңда Павлодар облысында 78 өртке қарсы пункт жұмыс істейді. Іске асырылып жатқан шаралар өрт қаупін азайтуға, азаматтардың өмірі мен мүлкін сақтауға бағытталған.