
Ауа температурасының тұрақты түрде төмендеуі және
су айдындарында мұз қатуының орнауына байланысты өңірде мұз өткелдерін кезең-кезеңімен ашу жоспарлануда. Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мұз өткелдерін ұйымдастыру
және ашу үшін орындарды айқындайтын болады. Мұз өткелдерін пайдалануға беру тек қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мұздың белгіленген нормативтік қалыңдығына жеткен жағдайда ғана мүмкін болады (автокөліктер үшін мұз өткелдінің қалындығы кемінде 25 сантимет болуы керек).
Әрбір мұз өткелін ашу уәкілетті қызметтердің мұз қалыңдығын өлшеу, тексеру жұмыстарын жүргізуі және тиісті рұқсат алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Ресми түрде ашылғанға дейін мұз үстіне шығуға қатаң тыйым салынады және бұл адам өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.
Құтқару қызметтері тұрғындарға мұз өткелдерінің ашылу мерзімі ауа райы жағдайына және мұздың қалыптасу қарқынына тікелей байланысты екенін ескертеді. Мұз өткелдерінің пайдалануға берілуі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми дереккөздер арқылы қосымша хабарланатын болады.
Анықтама ретінде: 2024–2025 жылғы қыс кезеңінде облыс аумағында 13 мұз өткелі ашылды, оның 8-і автокөліктер үшін, 5-еуі жаяу жүргіншілер мен жүк көліктер үшін арналған.
Автокөліктер үшін өткелдер:
- Май ауданы – 2 (Көктөбе, Баскөл);
- Аққулы ауданы – 1 (Ямышев);
- Тереңкөл ауданы – 4 (Песчан, Берегово, Карасук, Тереңкөл);
- Ертіс ауданы – 1 (Ертіс).
Жаяу жүргіншілер мен аралас көліктер үшін өткелдер:
- Железин ауданы – 4 (Башмачное, Железин, Моисеевка);
- Павлодар ауданы – 1 (Жаңа қала).