Халықты қорғау бағытында: Павлодар облысы ТЖД-де болашақ құтқарушыларды қызметке қабылдау іріктеуі өтті

Халықты қорғау бағытында: Павлодар облысы ТЖД-де болашақ құтқарушыларды қызметке қабылдау іріктеуі өтті

Азаматтық қорғау органдарына қабылданатын тұлғалар үшін бастапқы кәсіби даярлауға іріктеу және оны өткізу қағидаларына сәйкес «өрт сөндіруші-құтқарушы» және «өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері» санаттары бойынша қызметкерлер қабылданды. Комиссия конкурсқа қатысушыларды тапсырылған құжаттар, кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау, медициналық және психофизиологиялық тексеріс, оның ішінде полиграфологиялық зерттеу, дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру, біліктілік талаптары мен азаматтық қорғау органдарының тиісті лауазымына арналған қызметтік нұсқаулықтарға сәйкестігі негізінде бағалады. Әрбір үміткермен жеке әңгімелесу жүргізіліп, оның барысында комиссия төрағасы мен мүшелері үміткерлерге пәндік, situациялық және мотивациялық сипаттағы сұрақтар қойды.

          Комиссия отырысының қорытындысы бойынша кандидаттарды бастапқы кәсіби даярлықтан өтуге ұсыну туралы шешім қабылданды.