Өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі өртті дер кезінде сөндірді

Өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі өртті дер кезінде сөндірді

Сағат 11:10 шамасында 101 байланыс желісіне Теміржолшылар кентіндегі Орталық көшесінде орналасқан тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

          Шақырту бойынша жедел жеткен өрт сөндіру есептоптары бірден жеке тұрғын үйдің шатырындағы ағаш құрылымдар мен төбе жабындарының жануын сөндіруге кірісті. Өртті сөндіру барысында көлемі 27 литрлік бір газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сағат 11:53-те толық жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

          Павлодар облысы ТЖД тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!