Ардагерлер еңбегіне құрмет!

Ардагерлер еңбегіне құрмет!

Бұл күні қоғам өміріне белсене араласып, өз еңбегі мен өмірлік ұстанымымен жастарға үлгі болып жүрген аға буын өкілдері марапатталды. Ардагерлер өңірдің дамуына елеулі үлес қосып, қоғамдық істерге қатысып, өз тәжірибесі мен білімін жас ұрпақпен бөлісіп келеді.

          Көпжылдық адал еңбегі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін бірқатар белсенділер облыстық мәслихаттың Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапат иелерінің қатарында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ардагерлер кеңесінің төрайымы Асқарова Қакима Хайруллақызы да бар. Ол көптеген жылдар бойы Департаменттің ардагерлер ұйымын басқарып, ведомстволық «Ертіс құтқарушылары» газетінің редакциялық алқасының мүшесі болып табылады.

          Іс-шара - өз өмірін халыққа және туған өлкеге қызмет етуге арнаған ардагерлерге деген шынайы алғыс пен құрметтің көрінісі болды.