Дөңгелектегі өрт қауіпсіздігі: Павлодарда ТЖД көшпелі брифингі өтті

Дөңгелектегі өрт қауіпсіздігі: Павлодарда ТЖД көшпелі брифингі өтті

    Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Павлодар облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесіп автокөліктегі өрттің алдын алуға арналған көшпелі брифинг өткізді. Іс-шара Павлодар қаласының техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде өтті. Практикалық форматта  «Fit service» ТҚС мамандары автокөліктерді пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамау неге әкелетінін көрсетті.

   Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері атап өткендей, ағымдағы жылы өңірде автокөліктегі өрттер санының өсуі байқалады. Жыл басынан бері 81 өрт оқиғасы тіркелді, оның 17 - сі- газ баллонды қондырғылармен жабдықталған автокөліктер болды.  «Fit service» мамандары мұндай оқиғалардың негізгі себептерін айтып, көрсетті: электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі, отын мен техникалық сұйықтықтардың ағуы, қозғалтқыштың қызып кетуі, отпен абайсызда жұмыс істеу және сертификатталмаған жабдықты пайдалану. ТЖД қызметкерлері мұндай жағдайлардың алдын алу үшін әрбір жүргізуші автокөліктің техникалық жай-күйін қадағалауға міндетті екенін және міндетті түрде жарамды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс екенін атап өтті, бұл өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін оттың одан әрі өршуіне жол бермейді.

   Құтқарушылар азаматтарды жауапкершілікті көрсетуге және есте сақтауға шақырды: көлік өртенген кезде дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалу керек.