Жас павлодарлықтар құтқарушылар рөлінде!

Жас павлодарлықтар құтқарушылар рөлінде!

Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері төтенше жағдайлардың алдын алуға және халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізеді. Балалармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады-өйткені балалық шақта маңызды әдеттер мен өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қалыптасады.

Қаланың балабақшаларының бірінде Павлодар ТЖБ мамандары балаларға өрт кезіндегі тәртіп ережелерін ойын түрінде түсіндіріп, викториналар мен эстафеталар ұйымдастырды.

Балалар конкурстарға қызығушылықпен қатысып, өрт сөндіру жабдықтарымен танысып, құтқарушылар рөлінде өздерін сынап көрді. Мұндай сабақтар ерте жастан бастап балалардың қауіпсіздікке саналы көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.