Кәсіби шеберлігі мен азаматтық қорғауды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс

Кәсіби шеберлігі мен азаматтық қорғауды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс

Павлодар облысы бойынша "Хабар 24" республикалық телеарнасының меншікті тілшісі Қарлығаш Мұратқызы Қасиетова Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Марапат Республика күніне орайластырылып, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ жемісті ынтымақтастығы үшін табыс етілді.

          Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы Рустамбек Амрин салтанатты түрде алғыс хатпен құтқарушылардың қызметін көрсетудегі кәсібилігі, жеделдігі үшін ризашылығын білдіріп, одан әрі шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі.