Павлодар облысында ең үздік газ-түтін қорғаушыларын таңдады

Павлодар облысында ең үздік газ-түтін қорғаушыларын таңдады

 

Павлодар облысы ТЖД-да газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары арасында облыстық жарыстар өтті. Жарыс қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға және командалық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған. Жарысқа Департаменттің әртүрлі бөлімшелерінен 18 команда қатысты. Қатысушылар дайындықтың жоғары деңгейін, іс-әрекеттің үйлесімділігін және экстремалды жағдайларда тиімді жұмыс істеу қабілетін көрсетті.

          Ауыр күрестің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:

I орын — Павлодар қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;

II орын-Тереңкөл ауданы ТЖБ командасы;

III орын — Екібастұз қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және кубоктармен марапатталды.

- Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің дене шынықтыру және кәсіби даярлығын нығайтуға ғана емес, сонымен қатар нағыз командалық рухты қалыптастыруға да ықпал етеді. Сонымен қатар, адамдардың өмірі өрт сөндірушілердің үйлестірілген іс — әрекеттеріне байланысты болатын төтенше жағдайларды жою кезінде қажетті дағдыларды пысықтауға көмектеседі, - деп атап өтті Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы Рустамбек Амрин.