Өрт сөндірушілер автокөліктің жануын жедел түрде жойды

Өрт сөндірушілер автокөліктің жануын жедел түрде жойды

Хабарлама "101" қызмет операторының пультіне сағат 13:16-да келіп түсті.

Павлодар қ., Айманов к — сі, 28 мекен-жайына дереу келіп, өрт сөндірушілер 1,5 ш. м. алаңда жеке заттар мен электр құралдары отқа оранған Toyota Lite ACE маркалы автокөлікті сөндіруге жедел кірісті.

Оқиға орнында көлік иесі болған жоқ, осыған байланысты ықтимал жарылыстың алдын алу үшін көлік құралын ашу туралы шешім қабылданды.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Павлодар облысының ТЖД автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады.