Балабақшалардағы профилактикалық іс-шаралар

Балабақшалардағы профилактикалық іс-шаралар

Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілерімен нұсқаулық өткізді. Басты назар балаларды үнемі бақылау қажеттілігіне, сондай-ақ тұрғын және білім беру ғимараттарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге аударылды.

Профилактикалық жұмыс барысында ақпараттық жадынамалар таратылып, көрнекті орындарға орналастырылды, балалардың терезеден құлау қаупі туралы ескертумен ата-аналарға арналған бейнероликтер дайындалды және жолданды.

Сонымен қатар, терезелер мен балкон есіктерінің техникалық жай-күйіне бекіту құрылғыларының жарамдылығы мен олардың мықтылығы тексерілді.

Жаз мезгілінде балалардың терезе мен балкондардан құлап кету қаупі артады. Павлодар облысының ТЖД балаларды тұрақты бақылау қажеттігін еске салады!

- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелері мен балкондары ашық бөлмелерде;

- Ешқашан москит торларын қорғаныс құралы ретінде пайдаланбаңыз-бала оларға сүйеніп, құлап кетуі мүмкін;

- Терезелер мен балкон есіктеріне сенімді құлыптау құрылғыларын орнатыңыз;

- Балалармен қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелер өткізіңіз.