Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігін нығайту мақсатында құрылымдық бөлімшелерді жаңғырту және жарақтандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.
Осы жұмыс аясында Павлодар облысы ТЖД автопаркі заманауи арнайы техниканың жеті бірлігімен толықтырылды.
КАМАЗ базасында өрт сөндіру автомобильдері республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынды. Олардың ішінде 3 тонналық үш автоцистерна, 5 тонналық екі автоцистерна және екі сорғы-жеңді автомобильдер бар.
Жаңа жабдық өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік қабілеттілігі мен жеделдігін едәуір арттырып, өңірдегі төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін жақсартады.
Автопаркті жаңарту апатсыз жұмыс бойынша сенімділікті нығайтуға ықпал ететін болады, бұл өз кезегінде өрт және басқа да ТЖ туындаған жағдайда халықты және мүлікті қорғау жөніндегі міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді.