Шабындық кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі!

Шабындық кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі!

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті шабындық алқаптарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізеді. Қазіргі уақытта өңірде шөп дайындау жұмыстары белсенді жүргізілуде және қауіпсіздік мәселелері өте өзекті.

          Рейдтер барысында инспекторлар шабындық учаскелерінің аумақтарын тексереді, өрт сөндіргіштер, су бөшкелері, өртке қарсы жолақтар сияқты алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуын тексереді. Техниканың жарамдылығына ерекше назар аударылады, өйткені өрістерде жұмыс істеген кезде бір ұшқын өрт тудыруы мүмкін. Іс-шаралар аясында өрттің алдын алу бойынша негізгі ережелер мен ұсыныстар жазылған жадынамалар таратылады.

          Мәселен, Екібастұз қаласы ТЖБ инспекторлары көліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін рейдтер жүргізу кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 589-бабы 1-бөлігі бойынша трактор жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды (техника кемінде екі өрт сөндіргішпен жарақтандырылуы тиіс).

          Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері Департаментпен барлығы 1437 рейдтік іс-шара өткізілді, соның нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 260 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

          Павлодар облысының ТЖД Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады!