Ертіс өзенінде аударылып кеткен балықшыларға ТЖД құтқарушылары көмек көрсетті

Ертіс өзенінде аударылып кеткен балықшыларға ТЖД құтқарушылары көмек көрсетті

Павлодар қаласындағы Ертіс өзенінде балық аулау кезінде резеңке қайық аударылып қалды. Қайық ішінде екі ер адам болған. Оқиға жағалаудан шамамен 200 метр қашықтықта орын алған.

          Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жетті. 1985 ж. т. балықшылардың бірі жағаға өз бетімен жүзіп шыққан. 1975ж.т. екінші азаматты құтқарушылар судан  аман-есен жағаға алып шықты.

          Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.

Павлодар облысы ТЖД ескертеді: суға шыққан кезде қауіпсіздік шараларын сақтап, құтқару желетін кию қажет. Ауа райы тұрақсыз болған жағдайда аса мұқият болған жөн.