Павлодар облысының Баянауыл ауданында Торайғыр ауылы маңындағы «Батылдар шыңына» көтерілген екі ер адам өз бетімен төмен түсе алмай қалған. Оларға ТЖМ құтқарушылары көмекке келді.
Жер бедерінің тік әрі қауіпті болуы құтқару жұмыстарын қиындатты. Алайда құтқару операциясы сәтті аяқталып, екі адам таудан эвакуацияланды. Медициналық көмекті қажет етпейді.
ТЖМ ескертеді: тауға шыққанда өз күшіңізді дұрыс бағалап, ауа райын ескеріп, бағытыңыз туралы жақындарыңызға хабарлап отырыңыз.