Жүзу маусымының басталуына байланысты Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері су айдындарындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және халықтың судағы қауіпсіздік ережелері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Осындай іс-шаралар барысында құтқарушылар демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салып, пайдалы ақпарат жазылған жадынамалар таратады. Ерекше назар балаларымен демалушыларға және рұқсат етілмеген орындарда шомылатын азаматтарға аударылады.
Сонымен қатар, рейдтер барысында әртүрлі құқықбұзушылықтар анықталып, жолы кесіледі — олардың ішінде су жанында алкогольдік ішімдіктер ішу, тыйым салынған жерлерде шомылу немесе шағын көлемді кеме иелерінде құтқару құралдарының болмауы бар.
Мұндай алдын алу шаралары қауіп-қатердің алдын алуға және тұрғындарға мына жайтты еске салуға көмектеседі: суда қауіпсіздік — бұл ең алдымен әркімнің жеке жауапкершілігі.