Павлодар облысы ТЖД командасының өкілі-республикалық жарыстардың жүлдегері!

Павлодар облысы ТЖД командасының өкілі-республикалық жарыстардың жүлдегері!

Қостанай қаласында 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өрт - құтқару спорты бойынша республикалық жарыстар өтуде.

Павлодар облысы ТЖД өкілдері осындай маңызды жарыстарда лайықты өнер көрсетуде, онда еліміздің әр облысынан 15 команда қатысып жатыр.

140-тан астам спортшы үздік атағы үшін ептілікпен, жылдамдықпен жарысты.

Павлодар облысы ТЖД командасының 16 жастағы өкілі Черевко Данил екінші күннің қорытындысы бойынша жарыстың жүлдегері атанып, шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жеке есепте қола жүлдеге ие болды. 

Айта кету керек, Данил 2022 жылдан бастап өрт-құтқару спортымен айналысады, оның қоржынында 2023 жылы республикалық жарыстарда ие болған күміс жүлдесі бар. Жас спортшы Павлодар қаласының № 30 ЖОББМ-де оқиды.

Спорттық іс-шаралар жалғасуда, Павлодар облысы ТЖД командасына сәттілік тілейміз!