2025 жылғы 14 шілдеде Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылау бойынша жедел кеңес өтті. Кеңес төрағасы ТЖД бастығы полковник Рустамбек Амрин болды.
Кеңес барысында Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің бастықтары атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті және проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын белгіледі. Төтенше жағдайларды жою, маусымдық қауіп-қатерлерге ден қою, өрт жағдайы, техниканың жай-күйі және қызмет атқаруды ұйымдастыру бағыттары бойынша қорытындылар қаралды.
Алдағы кезеңдегі қойылған міндеттерге ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша Рустамбек Амрин қызметтің тиімділігін және ден қоюдың жеделдігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.
Кеңес өңірдің азаматтық қорғау жүйесіндегі істердің ағымдағы жай-күйін талдау және 2025 жылдың екінші жартыжылдығына бағдарларды айқындау бйынша маңызды алаңға айналды.