"Қауіпсіз балалық шақ" акциясы аясында павлодарлық құтқарушылар балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу жұмыстарын жалғастыруда.
"Vostok Trade Pro" ЖШС демеушілік көмек аясында әлеуметтік осал жағдайдағы отбасылар үшін арнайы терезе блокаторларын ұсынды. Бұл құрылғылар үй-жайларды желдету мүмкіндігін шектемей, баланың терезеден құлап кету қаупін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
Көп балалы отбасыларға және мектеп жасына дейінгі балалары бар отбасыларға ерекше назар аударылады.
"Vostok Trade Pro" ЖШС-не белсенді азаматтық ұстанымы және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. Тек бірлескен күш — жігермен біз ең құнды нәрсені-балаларымыздың өмірі мен денсаулығын қорғай аламыз!
# Қауіпсіз балалық шақ # Павлодар #ТЖД #VostokTradePro # терезе қауіпсіздігі #үйдегібалалар #алдын алу