ТЖ департаментінің қызметкерлері мамандадың біліктілігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеттерін жоспарлы түрде аралауда.
Тереңкөл ауданында жергілікті атқарушы органның 7 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Олар жалпы халқы 11 276 адамды қамтитын 25 ауылдық елді мекеннің өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Өрт сөндірушілер "Дала өрттерін сөндіру" тақырыбында оқыту өткізді, өрттерді жоюдың негізгі принциптері мен әдістемелері түсіндірілді. Бекеттерге бекітілген техниканы пайдалана отырып практикалық сабақтар да қарастырылды: су беру және алу, сусыз жерлерде өрт сөндіру құралдарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ әртүрлі сипаттағы өрттерді сөндіру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау пысықталды.
Сондай-ақ, қатты жел мен тығыз құрғақ өсімдіктер жағдайында өртті сөндірудің қателіктері мен ерекшеліктері қарастырылды. Сабақ соңында білімге бақылау жүргізілді және тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайларды талқылау жүргізілді. Мұндай сабақтар ерікті және жергілікті өрт сөндіру құралымдарының маусымдық өрттерге ден қоюға жоғары дайындық деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді.