9 шілде күні сағат 18:28-де Павлодар қаласында Естай көшесіндегі орналасқан 10 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Өрт 7 қабаттан 10 қабатқа дейін балкондарда орын алды. Өрт үш иесіне тиесілі алты пәтерге жайылды. Өрттің жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрады.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өз бетінше эвакуацияланды.
ТЖД бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарының арқасында өрт 19:14-те оқшауланып, толығымен жойылды. Өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді.
Бұл жерде 31 адамнан тұратын ТЖД күштері мен құралдары және 13 бірлік техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығы жұмыс істеді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.