Павлодар облысында орын алған дала өртін жедел түрде жойып, оның орман алқабына таралуына жол берілмеді

Павлодар облысында орын алған дала өртін жедел түрде жойып, оның орман алқабына таралуына жол берілмеді

1 шілдеде Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округінің аумағында құрғақ өсімдіктер өртенді. Шұғыл қызметтердің жедел іс-қимылдары мен барлық тартылған құрылымдардың үйлесімді өзара іс-қимылының арқасында өрттің орман алқабы мен тұрғын үйлерге өтуіне жол берілмеді.

Дала аймағында өрт шығып, ыстық және желді ауа-райына байланысты жалынның айтарлықтай аумаққа таралу қаупі туындады. Оқиға орнына Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері, орман қорғау өкілдері жіберілді, сондай-ақ "Қазавиақорған" РМҚК авиация кезекшісінің ұшуы жүзеге асырылды.

Қысқа мерзімде өрт оқшауланып, жойылды. Өрт сөндірушілердің, жергілікті атқарушы органдардың және "Ертіс орманы" МОТР мамандарының жедел жұмысының арқасында өрт орман алқабына өтпеді және жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төндірмеді. Оқиға құрғақ шөпті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың нәтижесі болды. Кінәлі адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары облыс тұрғындарына еске салады: ыстық ауа-райы және өрт қаупі жоғары жағдайларда отқа абайсыздық таныту қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау-әрбір азаматтың міндеті.