Луганск ауылында "Ауыл құтқарушылары" бағдарламасы аясында Өрт сөндіру бекеті салынуда

Луганск ауылында "Ауыл құтқарушылары" бағдарламасы аясында Өрт сөндіру бекеті салынуда

Өртке қарсы қызмет Комитетімен келісілген және "Ауыл құтқарушылары" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ТЖД бастығының міндетін атқарушы Луганск ауылына жаңа Өрт сөндіру бекетінің құрылысының барысымен танысу үшін жұмыс сапарымен барды. Қазіргі уақытта жылытылатын боксты салу және тұрмыстық үй-жайларды жөндеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Жаңа бекет жалпы саны 2,2 мың адамнан асатын үш елді мекенді өрттен қорғаумен қамтамасыз етеді.

"Ауыл құтқарушылары" бағдарламасы ауылдық аумақтардың өртке қарсы қауіпсіздігін жүйелі жаңғыртуға бағытталған. Саны 1 мың адамнан асатын елді мекендерде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайын өрт сөндіру бекеттерін құру көзделіп отыр.