Мичурино ауылында орналасқан "Балдәурен" балалар сауықтыру лагерінде Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттық-насихаттау тобының көшпелі акциясы өтті. Іс — шараның негізгі мақсаты-балаларда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайларда іс-қимылдарды оқыту болып табылды.
Акцияға жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, Білім басқармасы, Полицияның өкілдері, сондай-ақ Қызыл Ай қоғамының мамандары қатысты. Балалар үшін толыққанды оқу бағдарламасы дайындалды: оларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтылды, суда айдындарында өздерін қалай ұстау керектігін еске салды және терезеден құлаудың алдын алу жолдарын түсіндірді.
Қызыл Ай мамандары жүргізген алғашқы медициналық көмек көрсету балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Барлық сабақтар интерактивті өткізілді: балалар сабақты тек тыңдап қана қоймай, іс жүзінде білімдерін бекітіп, белсенді қатысты.
Кездесу соңында өрт сөндіру қызметі ұйымдастырған мерекелік су шашу болды. Автоцистернадан тараған "жаңбыр" балалардың эмоцияларын тудырды және есте қалатын кездесуге айналды.