Мамыр айынан бастап аптап ыстыққа және өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты Павлодар облысының ТЖ Департаменті механикаландырылған күзет қою туралы шешім қабылдады. Шарбақты ауданы мен Аққулы ауданының өрт сөндіру бөлімшелері күн сайын "Ертіс орманы" МТР ормандарының осал жерлерін тексереді. Резерваттағы өрт қаупі класы бесінші деңгейге жетті.
Бұл резерват, әсіресе құрғақ мезгілде, үнемі қорғауды қажет ететін ерекше табиғи аймақ. Өртті жедел анықтау және өрттің таралуына жол бермеу үшін байланыс құралдарымен және өртке қарсы жарақтарымен, өтімділігі жоғары мамандандырылған автомобильдер пайдаланылады. Экипаждар күн сайын ондаған шақырымды тексереді, табиғи өрт қаупі әсіресе жоғары қорғалмаған жерлерді зерттейді.
Механикаландырылған күзет ықтимал ТЖ-ға ден қою уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтардың орманда рұқсатсыз болу және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілерін анықтауға ықпал етеді. Өрт сөндірушілер тек қана тексеріс жасамайды, сонымен қатар өртпен күресудегі алдыңғы шебінде тұр.
Демалушылар таза ауа мен табиғатты тамашалап жатқанда, өрт сөндірушілер өздерінің қызметін атқаруда.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады және азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауға шақырады.