🚗🔥 Көліктегі өрт қауіпсіздігі: әр жүргізуші білуі тиіс!
Көліктегі өрт – тез таралып, аса қауіпті болуы мүмкін. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтаңыз:
✅ Электр сымдарын үнемі тексеріп отырыңыз, өз бетіңізше қосылым жасамаңыз.
✅ Салонда жанғыш сұйықтықтар мен аэрозольдерді қалдырмаңыз.
✅ Автокөлікте шылым шекпеңіз.
✅ Көлікке жарамды өрт сөндіргіш пен алғашқы көмек қобдишасын алып жүріңіз.
✅ Түтін шыққанын байқасаңыз – бірден тоқтап, оталдыруды өшіріп, көліктен шығыңыз.
Есіңізде болсын: қауіпсіздік – өз қолыңызда.
#ӨртҚауіпсіздігі #КөлікҚауіпсіздігі #ӨртСөндіргіш #ТЖ #АлдынАлу #ҚауіпсізЖүргізу