Мерейтой иесін құттықтады

Мерейтой иесін құттықтады

Павлодар облысы ТЖД басшылығы мен әріптестері Жедел-құтқару жасағының басшысы Мұхамедқанапия Насриденұлы Абдуалиевті 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Азаматтық қорғау органдары жүйесінде ол 1987 жылдан бастап қызмет етеді. Ол қызметін өрт сөндірушіден бастаған. Өзінің тәлімгерлері — ішкі қызмет лейтенанты Могилевский Владимир Иванович пен ішкі қызмет майоры Брехт Валерий Ивановичтен білім мен дағдыларды арттыруға және жетілдіруге ұмтылып, оған Көкшетау техникалық институтына түсуге кеңес берді. Ол аға жолдастарының сөздерін тыңдап, бүгінде кәсіби маман болып табылады.

- Мамандықтағы алғашқы қадамдарды жас мамандар жанашыр тәлімгерлердің басшылығымен өтуі өте маңызды. Мен осындай мұғалімдермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын және оларға көп қарыздармын, — деп атап өтті Мұхамедқанапия Насриденұлы.

36 жылдан астам қызметінде ол көптеген адамдардың өмірін құтқарды және оны  әріптестері  өз ісінің маманы, нағыз құтқарушы ретінде біледі, бұған дәлел,  "Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл" мемлекеттік — мерейтойлық медалі болып табылады.

Көптеген жылғы қызмет барысында әртүрлі төтенше жағдайлар болды, бірақ кейбіреулері ерекше есте қалды. Мысалы: 90-жылдардың басында Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің арнайы жабық мекемесінің аумағында ірі өрт болды, сол жерге жауынгерлік есеп дереу шықты.

- Көріну нөлге тең. Біздің бөлімше жанып жатқан бөлмеге кірді және от қатты өршіп, қауіпті жағдай туғызды.

Бұл өте қорқынышты. Әріптестеріміздің күшімен өрт алдын алынды, сол оқиғада менің мойнымда дулыға белбеуінен күйік қалды және еріп кеткенін байқадым.

Шынында да, ол нағыз кәсіби маман, от пен судан өткен нағыз кәсіпқой маман. Мұхамед Насриденұлы облыс пен одан да тыс жерлерде іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарының барлық түрлеріне қатысты.

Сеніп тапсырылған жеке құрамды қолдайтын және адамдардың қауіпсіздігі үшін риясыз, жанқиярлық және жоғары ант берудің үлгісі болып табылатын басшы.

Мерейтой иесіне шын жүректен денсаулық, отбасылық амандық, сонымен қатар өз өмірі мен кәсібіне адал болуды тілейміз!