Павлодар облысында шомылу маусымында су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

Павлодар облысында шомылу маусымында су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

Полиция, Білім басқармасы және еріктілер өкілдерімен бірлесіп судағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейдтер жүргізуде.

Профилактикалық іс-шаралар барысында су маңындағы жаппай демалу орындары тексеріледі, балалар мен кәмелетке толмағандар ересектердің қарауынсыз  қалған аймақтарға ерекше назар аударылды. Демалушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, судағы жүріс-тұрыс ережелерін қамтыған жадынамалар таратылады.

Рейдтік іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін қазіргі заманғы техникалық құралдар жұмылдырылды, атап айтқанда, жылу түсіргішпен жабдықталған пилотсыз ұшу аппараты (ҰҰА) пайдаланылады, оның көмегімен акваторияға мониторинг және ықтимал қауіпті жағдайларды анықтау жүргізіледі.

Демалыс күндері ғана балаларды қараусыз қалдырғаны және су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 3 азамат тартылды (ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша). Шомылу кезеңінің басынан бастап осы бап бойынша барлығы 17 адам жауапкершілікке тартылды. Тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін Полиция қызметімен ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы 1-бөлігі бойынша 7 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бұл іс — шаралардың негізгі мақсаты-судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету.

Павлодар облысының ТЖД өңірдің тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, мас күйінде суға түспеуге және тек арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда демалуға шақырады.