Павлодар облысының ТЖД қызметкерлері балаларға қызықты мереке ұйымдастырды

Павлодар облысының ТЖД қызметкерлері балаларға қызықты мереке ұйымдастырды

Павлодар қаласының Орталық жағажайында және облыстың барлық қалалары мен аудандарында "Балалар қауіпсіздігі-басты назарда!» атты республикалық акциясы өтуде.

Іс-шара бағдарламасында: асфальтта сурет салу конкурстары, оқыту шеберлік сыныптары, техника мен жабдықтарды көрсету, оқу-жаттығу сабақтары, спорттық-ойын-сауық ойындары өткізілді. Өрт сөндірушілер, құтқарушылар, қызметкерлер балаларға заманауи техника мен арнайы жабдықтардың мүмкіндіктерін көрсетті.

Көңілді аниматорлар - сүйікті мультфильмдердің кейіпкерлері балалардың көңілін көтерді. 

Іс-шараға "Қызыл Ай" ҮЕҰ еріктілері мен Оқушылар сарайының әдіскерлері белсенді қатысты.

Айта кету керек, бұл күні Өрт сөндіру бөлімдерінде балаларды шақырумен ашық есік күндері де өткізілді.

Келген балалар жаңа аппаратура, техника мен құрал-жабдықтардың қалай және не үшін пайдаланылатынын білді. Балалар жай ғана қарап қана қоймай, құтқарушылар рөлінде болуға, өрт сөндіру автомашиналарының, треколдардың-жоғары өтімді техниканың, квадроциклдердің тізгінінде отыруға, ұшу аппараттарының жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, балалар ТЖД мамандары мен "Қызыл Ай" ҮЕҰ еріктілері өткізген шеберлік сабақтарында көптеген қызықты нәрселерді біліп, білімдерін толықтырды: түрлі ТЖ кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету, су айдындарында өрт қауіпсіздігі және қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін көрсетті. 

Балалар командаларға бөлініп, спорттық эстафетаға және түрлі тақырыптық конкурстарға қуана қатысты. Олар өздерінің таланттарын асфальттағы сурет байқауында көрсетті. Барлық қатысушылар сыйлықтарға ие болды. 

Сонымен қатар жас қонақтарға тәтті тосын сый балмұздақтар таратылды.

Балалар жағымды эмоцияларға ие болды, өз білімдерін маңызды дағдылармен және танымдық ақпаратпен толықтырды.