
Ер адамның өз-өзіне қол жұмсауына жол бермеген өрт сөндірушілерді Павлодар облысының Полиция департаменті марапаттады.
ПД бастығы қол қойған Алғыс хаттар Ақсу қаласы ТЖБ қызметкерлеріне — Арман Қалиақпар мен Нұрқадыр Еркінжасовқа табысталды.
Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Жандос Орынбаев алғыс хаттарды табыстай отырып, батырларға шын жүректен алғысын білдірді, өйткені өрт сөндірушілердің кәсібилігі мен табандылығының арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.
Өрт сөндірушілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындай отырып, кез келген қиындықтарға кезігуге және туындаған жағдайларды жеңуге әрқашан дайын екенін атап өткен жөн.