Кеше Павлодар облысы Ақсу қаласында терезеден секірмек болған адамды құтқаруға келген ТЖМ қызметкерлері автосаты арқылы қолында пышағы бар ашық терезеде тұрған ер адамға 6-қабатқа көтерілді.
Өрт сөндірушілер сатыда тұрып ер адаммен сөйлесу арқылы оны тыныштандырып тұрған кезде, құтқарушылар арнайы құралдарды пайдалана отырып, пәтердің есігін ашуға кірісті. Қолайлы сәтті пайдалана отырып, өрт сөндірушілер ер адамды терезеден үй ішіне қарай итеріп, құтқарушылар мен оқиға орнында болған полицейлер оны залалсыздандырды.
Бөлімше командирі Қалиақпар Арман мен өрт сөндіруші-құтқарушы Еркінжасов Нұрқадірдің кәсібилігі, батырлығы мен батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынып, адам өмірі сақталды.