Жеделділігі үшін марапатталды

Жеделділігі үшін марапатталды

Павлодар облысының ТЖ департаментінде жеделділік пен бей-жай қарамай, нәтижесінде баланың өмірі сақталғандығы үшін Мадина Сұлтанқызы Ибраева марапатталды.
Төртінші қабаттың терезесіне шыққан баланы байқаған Мадина Сұлтанқызы әрекет етіп, жағдайды бірден бағалап, дереу 112 нөмірі бойынша құтқару қызметіне қоңырау шалды және құтқарушылар келгенге дейін қызды терезеден алшақтатуға тырысты.
Уақыттың әрбір секунды қымбат болды және оның жылдам, әрі шешуші әрекетінің арқасында төтенше жағдайлар қызметкерлері жедел әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Баланың өміріне қауіп жоқ.
Павлодар облысы ТЖД салтанатты түрде қырағылық пен азаматтық жауапкершілік танытқандығы үшін Мадина Ибраеваны марапаттады.
Павлодар облысы ТЖД бастығы Рустамбек Амрин алғыс хатты табыс етіп, Мадина Сұлтанқызының бұл әрекеті қарапайым адамдардың жылдам реакциясы қайғылы жағдайдың алдын алуда шешуші факторға, төтенше жағдайда жедел әрекет етудің үлгісіне айналатынының атап өтті.
Екінші алғыс хатты Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Шакенева Сәуле Сәбитқызы Мадинаның құтқару операциясына ат салысқандығы үшін шын жүректен алғыс білдіріп, марапатты табыс етті.
Екі марапат та шешуші әрекеттері үшін ризашылықтың көрінісі болды. Өйткені, біздің ортақ қауіпсіздігіміз - азаматтар мен шұғыл қызметтердің ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады.