"Өрт -2025" оқу-жаттығулары балалардың көзімен: танымды және маңызды!

"Өрт -2025" оқу-жаттығулары балалардың көзімен: танымды және маңызды!

Аққулы ауданы мектептерінің 5-9 сынып оқушылары басқару органдарының, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының мемлекеттердің шекаралас және шектес аумақтарында туындайтын орман және дала өрттері туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған ауқымды трансшекаралық оқу-жаттығуларға қатысты.

Бұл жай ғана экскурсия емес -бұл нағыз қауіпсіздік сабағы болды!

Балалар құтқарушылардың жұмысын өз көздерімен көрді: ол, шартты өртті сөндіру, зардап шеккендерді эвакуациялау, заманауи арнайы техника мен жабдықтарды көрсету, тікұшақтардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып өртті сөндіру сияқты әрекеттермен танысты.

ТЖД қызметкерлері өрт және басқа да ТЖ кезінде қалай әрекет ету керектігін, сондай-ақ өрт сөндіргішті қалай дұрыс пайдалану және алғашқы медициналық көмек көрсету керектігін көрсетті.

Балалар әсерлі жақсы көңіл күйге ие болды. Ең бастысы, балалар төтенше жағдайда өзін қалай ұстау керектігі жайлы хабардар болды.