ТЖД қатарында қызметін жалғастырады

ТЖД қатарында қызметін жалғастырады

ҚР ТЖМ Б.Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін Павлодар қаласында салтанатты түрде қарсы алды.

Павлодар өңірінен 18 әскери қызметші демобилизацияланды.

Іс-шара шеңберінде олармен азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу туралы хабарлау, сондай-ақ келісімшарт бойынша одан әрі қызмет өткеру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Кадрлық және жедел бөлімшелердің өкілдері ТЖМ жүйесіндегі жұмыстың ерекшелігі, қабылдау шарттары және мүмкіншіліктері туралы айтып берді.

Әскери қызметшілерге ақпараттық материалдар табыс етілді, жеке кеңестер ұйымдастырылды. ТЖМ қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді, соның ішінде оқытуды, медициналық қызмет көрсетуді және тұрғын үй бағдарламаларын түсіндіруге басты назар аударылады.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде үш сарбаз Павлодар облысы ТЖ департаментінің қатарында өз мансабын жалғастыруға ниет білдірді.

Бұл жұмыс азаматтық қорғау жүйесін нығайтуға, сондай-ақ қызметтердің жүйелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, төтенше жағдайларда ден қоюдың жеделдігін арттыруға бағытталған.