Павлодар облысы бойынша Өңірлік коммуникация қызметінде өңірде өрт қауіпті кезеңнен өту мәселелері бойынша брифинг өтті.
ТЖ Департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Оразбек Уәлиханов өз сөзінде Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпті маусым басталғаннан бері жалпы ауданы 50 гектардан асатын 15 орман өрті тіркелгенін атап өтті.
Өрттің негізгі себептері-адам факторы(тасталған темекі тұқылдары мен от жағу) және найзағай. Өткен жылмен салыстырғанда өрттер санының, сондай-ақ олардың аумағының айтарлықтай өсуі тіркелді.
Қазіргі уақытта өрт қауіпті маусымда орман және дала өрттерінің пайда болу және оларды жою тәуекелдерін азайту жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Құрамына ТЖД, полиция, табиғатты қорғау және орман мекемелері мен әкімдіктерінің қызметкерлері кірген мобильді топтар құрған орман-дала өрттерінің алдын алу мақсатында барлығы 49 топ 523-тен астам рейдтік іс-шаралар өткізді, олардың барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 350 мың теңгеден астам сомаға 226 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен, шаруа қожалықтарымен және орман алқаптарында тұратын тұрғындармен 569-ға жуық нұсқама, 202 жиын және 6 800-ден астам адамды қамтитын дөңгелек үстел өткізілді.
Облыс аумағында орман өрттерін сөндіру бойынша жиынтық колонна (резервтік топ) құрылды, бұдан басқа, өңіраралық сипаттағы табиғи өрттерге 8 бірлік техника және 27 адам жеке құрамнан тұратын эшелон қалыптастырылды.
Павлодар облысында бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардың 75 өрт сөндіру бекеті бар, тағы 5 бекет ашу жоспарлануда (Шарбақты, Павлодар, Ақтоғай аудандары мен Екібастұз аймағында - 2 бекет).
Сондай-ақ, Ресей ТЖМ бөлімшелерімен өзара іс-қимыл шеңберінде ағымдағы жылы Алтай өлкесі, Новосібір және Омбы облыстары бар трансшекаралық аумақта табиғи өрттерді сөндіру бойынша 3 тактикалық оқу-жаттығу жоспарланған, - деп қорытындылады спикер.