«Өрттерге қатысты істер бойынша анықтау жұмыстарын ұйымдастыру және өзекті мәселелер: прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл практикасы»

«Өрттерге қатысты істер бойынша анықтау жұмыстарын ұйымдастыру және өзекті мәселелер: прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл практикасы»

Ақтау қаласының прокуратурасының прокурорының қатысуымен өрттерге байланысты істерді тергеп жатқан анықтаушылармен семинар-кеңес өтті.

Семинар аясында оқиғаның мән-жайлары, анықтау барысы, сараптамалық және жедел қызметтермен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Әсіресе, процессуалдық шешімдердің сапасы мен толықтығына, анықтау жұмыстарының барлық кезеңдерінде заңдылықтың қамтамасыз етілуіне, анықталған құқықбұзушылықтарға дер кезінде ден қоюға ерекше назар аударылды.

Прокурор процессуалдық шешімдердің мерзімі мен сапасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, бұл санаттағы істерді тергеуге кешенді түрде қараудың маңыздылығын баса айтып, анықтаушылардың кәсіби дайындығы деңгейін арттыру қажеттілігін атап өтті және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге шақырды.

Маңғыстау облысы ТЖД