Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының 17-шағын ауданында орналасқан «Green Plaza» тұрғын үй кешенінде ерекше жарыс өтті – газ-түтіннен қорғаушылар арасында 20-қабатқа жылдам көтерілу бойынша сайыс ұйымдастырылды.
Жарысқа барлығы 13 команда қатысты. Бұл сайыс – өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігін, физикалық дайындығы мен төтенше жағдайдағы әрекет ету қабілетін анықтауға бағытталған. Әрбір команда көпқабатты ғимараттың 20-қабатына тыныс алу аппараттарымен көтерілді.
Жарыс нәтижесінде келесідей жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Ақтау қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі
2 орын – Мұнайлы ауданы №12 өрт сөндіру бөлімі
3 орын – Жаңаөзен қаласы №9 өрт сөндіру бекеті
Бұл сайыс – өңірдегі өрт сөндіру қызметкерлерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлінің маңызды екенін тағы бір дәлелдеді.
Маңғыстау облысының ТЖД