Бүгін, 24 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында алдағы шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт қаупі кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары және апатты үйлердің жағдайы жөніндегі мәселелер қаралды. Өткен жиынның өзектілігін айта отырып, облыс әкімі бір қатар жауапты және құзырлы органдарға тиісті тапсырмаларын берді.
Маңғыстау облысы ТЖД