Маңғыстаулық құтқарушылар су тасқынына қарсы жұмыстарды аяқтады

Маңғыстаулық құтқарушылар су тасқынына қарсы жұмыстарды аяқтады

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы Атырау облысы, Жылыой ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шараларды аяқтап, тұрақты орналасу орнына оралды.

Құтқарушылардан құралған жедел топ 55 қызметкерден, 4 техникадан, 5 мотопомпадан және 1 жүзу құралынан құралды. Олар аудан аумағында 8250 дана инертті материалдар салынған қапшықтарды дайындап, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде су тасқыны қаупі толығымен жойылды.

Маңғыстау облысы ТЖД