Маңғыстауда заманауи өрт сөндіру бөлімі салынады

Маңғыстауда заманауи өрт сөндіру бөлімі салынады

Маңғыстау облысында  тез құрастырылатын жаңа өрт сөндіру депосы құрылысы қаралды. Жалпы аумағы 1 гектарды құрайтын бұл нысан барлық заманауи талаптарға сай бой көтереді. Құрылыс барысын Маңғыстау облысы ТЖД бастығы М.С. Мұханов пен оның бірінші орынбасары М.А. Караев бақылап, жұмыс қарқынын бағалады. Қазіргі уақытта құрылыс белсенді жүргізілуде. Өрт сөндіру бөлімінде: спортзал, фитнес-зал, футбол алаңы, жатақхана және көгалдандырылған аумақ қарастырылған.Бұл жоба өртке қарсы қызметтің тиімділігін арттырып, құтқарушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

Маңғыстау облысы ТЖД