«Қауіпсіз көлік» акциясы

«Қауіпсіз көлік» акциясы

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен қаласының полиция басқармасымен бірлесіп, «Қауіпсіз көлік» акциясын қала аумағына ұйымдастырды.

         Акцияның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік өрті оқиғаларының алдын алу. Іс-шара нәтижиесінде 17. Автокөлік тоқтатылып, жүргізушілеріне көліктегі өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін түсіндірілді.

          Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің жерасты автотұрақтарына газ баллонмен жабдықталған автокөліктерге кіруге тыйым салынғаны бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Акция барысында ақпараттық жадынамалар таратылды.

Маңғыстау облысының ТЖД