Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерін «ҚР АЛТЫН ЖҰЛДЫЗЫ» медалімен марапаттау

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерін «ҚР АЛТЫН ЖҰЛДЫЗЫ» медалімен марапаттау

Астанада "Жаңа Қазақстан" Республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен "ҚР Алтын жұлдызы" республикалық форумы өтті

         Форумның мақсаты: республика бойынша әр саланың мамандары арасында тығыз ынтымақтастық орнату, үздік мамандарды марапаттау.

         Кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ниязова Наргиз Наримановна республикалық форумға қатысып, "ҚР АЛТЫН ЖҰЛДЫЗЫ" медалі мен мүсіншені, бірінші дәрежелі диплом алды.

         Өткен жылы Наргиз "Еңбек үздігі" медалімен және бірінші дәрежелі дипломмен марапатталып, «Еңбек озаттарының алтын кітабына» аты енгізілді.

Наргиз Наримановнаны құттықтаймыз және қызметте одан әрі табыс тілейміз.

 

         «Маңғыстау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» РММ